freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда 165 мың мұғалім ChatGPT пайдаланып жүр

Білім-ғылым
Қазақстанда 165 мың мұғалім ChatGPT пайдаланып жүр
Bilim Group

Елімізде білім беру саласына жасанды интеллект енгізу бойынша әлемдегі ең ауқымды жобалардың бірі іске қосылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу жөніндегі ұлттық жоба басталды. Бастама OpenAI компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында еліміз бойынша 165 мың педагог білім беру мақсаттарына арнайы бейімделген ChatGPT Edu жүйесіне қол жеткізеді.

Жоба аясында ChatGPT Edu лицензиялары білім беру жүйесінің барлық деңгейіне таратылады. Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және Astana Hub қатысушылары осы жүйені пайдалана алады. Бастама Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігінің қатысуымен іске асырылып отыр.

OpenAI өкілі Кевин Миллстің айтуынша, бұл серіктестік білім беру саласындағы цифрлық алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.

«ЖИ негізіндегі озық технологиялардың көмегімен әр адамның әлеуетін арттыруда білім саласының атқаратын рөлі орасан. Қазақстан мен OpenAI арасындағы серіктестік мемлекеттің педагогтерге пайдалы құралдар ұсынып, практикалық қолдау мен оқуға қолжетімділікті арттыру арқылы ЖИ машықтарын меңгерудегі алшақтықты қалай еңсере алатынын көрсетті. Мұндай қадам бүкіл білім беру жүйесінің болашағына ұзақмерзімді ықпал етуге көмектеседі», – деді ол.

Жобаға қатысушылар үшін лицензиялар тегін ұсынылады. Ал жүйені іске қосу отандық BilimClass платформасы негізінде әзірленген ai.bilimclass.kz сервисі арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта платформа жұмыс істеп тұр, педагогтер тіркеліп, жүйені қолдана бастаған.

ChatGPT Edu мұғалімдердің күнделікті жұмысын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жүйе арқылы сабақ жоспарларын әзірлеуге, тапсырмалар мен тест сұрақтарын дайындауға, оқу материалдарын әр білім алушының деңгейі мен қажеттілігіне қарай бейімдеуге болады. Соның нәтижесінде педагогтердің сабаққа дайындалуға, тапсырмаларды тексеруге, есеп беруге және басқа да бірізді жұмыстарға жұмсайтын уақыты қысқарады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл бастама тек жаңа технологияны енгізумен шектелмейді. Жоба білім сапасын арттыруға, мұғалімдердің жұмыс тиімділігін көтеруге және білім беру жүйесін заманауи талаптарға бейімдеуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан жасанды интеллектіні білім беру саласына кеңінен енгізіп жатқан елдердің қатарына қосылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу