Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

Экономика
Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

Ұлттық банк валюталық реттеу мәселелеріне қатысты құжаттардағы өзгерістерді бекітті. Өзгерістер валюта айырбастауға да әсер етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық банк басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімі қысқартылып, валюталық заңнама талаптарынан жалтару үшін жасалуы мүмкін және қаржы мониторингіне жататын операциялар тізімі кеңейтілді.

"Басқарма шешімімен ақша айырбастау пунктеріндегі операциялар үшін қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы шектелді: АҚШ долларына 7 теңге, еуроға 10 теңге", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, төлем жүйелері және Ұлттық банктің өзге де қызметтеріне қатысты мәселелер бойынша Ұлттық банк басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған.

Фото: Malim.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу