Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда әскерге шақыру тәртібі өзгереді

Қоғам
Қазақстанда әскерге шақыру тәртібі өзгереді

Әдеттегі қағаз шақырту билеттері енді 1414 қызметі арқылы SMS-хабарламаға ауысады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, тиісті заң қабылданғаннан кейін азаматтарға әскерге шақыру туралы хабарлама SMS арқылы жіберіледі, ал оның шынайылығын eGov порталының жеке кабинетінде тексеруге болады.

«Бұрынғыдай қолына шақырту тапсырып, көшеден ұстап алып кету деген енді болмайды», – деді вице-министр.

Егер азамат хабарламаға жауап бермесе, оның жауапкершілік мәселесін уәкілетті органдар Әкімшілік кодекс аясында қарайтын болады.

Айыппұл көлемі әлі белгіленген жоқ – оны Қорғаныс министрлігі емес, тиісті органдар бекітеді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу