freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда кей мамандықтар бойынша ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін

Білім-ғылым
Қазақстанда кей мамандықтар бойынша ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін
Фото: Фото: tttu.edu.kz

Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесіне жаңа тәсілдер енгізіліп, кейбір мамандықтар бойынша оқу мерзімін қысқарту ұсынылып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, университеттерге білім берудің жаңа үлгілерін сынақтан өткізуге көбірек мүмкіндік беріледі. Соның бірі – оқу мерзімін қысқарту.

Әсіресе, IT және жасанды интеллект сияқты технологиясы өте жылдам өзгеретін салаларда төрт жылдық бакалавриат бағдарламасы ұзақ болуы мүмкін. Осыған байланысты қысқартылған қолданбалы бакалавриат енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

«IT және жасанды интеллект салаларында төрт жылдық оқу тым ұзақ болуы мүмкін. Себебі бұл бағыттардағы білім мен технология өте жылдам жаңарады. Осыған байланысты оқу бағдарламасы қысқартылған қолданбалы бакалавриат енгізу нұсқасы ұсынылып отыр», – деді Саясат Нұрбек.

Министр қыркүйек айында алғашқы Қазақ ұлттық жасанды интеллект зерттеу университетін іске қосу жоспарланып отырғанын да айтты. Жаңа оқу орнында студенттердің жеке ерекшеліктеріне қарай білім беру үдерісін бейімдеуге мүмкіндік беретін алгоритмдер қолданылмақ.

Сонымен қатар Қазақстанда икемді және гибридті оқыту форматтарын дамыту жалғасады. Университеттерге білім беру бағдарламаларын әзірлеуде көбірек еркіндік берілген.

Саясат Нұрбектің айтуынша, жаңа білім беру модельдерін енгізуге қажетті нормативтік база да әзірленген. Бұл жоғары оқу орындарына еңбек нарығының өзгерісіне тезірек бейімделуге және заманауи мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу