Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда қанша адамның түрмеден қашқаны анықталды 

Сұқбат
Қазақстанда қанша адамның түрмеден қашқаны анықталды 

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті  өкілдері Қазақстанда кейінгі жылдары қанша тұтқын түрмеден қашқанын мәлімдеді. 

Комитет ақпаратына сенсек,  2017 жылдан 2023 жылдың наурызына дейінгі аралықта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 23 қашу дерегі болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлық қашқын бірінші тәулікте ұсталып, бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылған. 

Әр қашу оқиғасы бойынша тергеу жүргізілген. Сарапшылар бас бостандығынан айыру орындарынан қашу ғимараттар мен күзет құрылымдарының техникалық беріктігінің жеткіліксіздігінен болғанын анықтаған. Қазір осыған байланысты ҚАЖК «қашуға қарсы» жұмыс жүргізіп жатыр.

Ведомствоның баспасөз қызметі 2023 жылдың аяғына дейін мекемелерде үздіксіз бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша монтаждау жұмыстары аяқталатынына сендірді.  

Сонымен қатар, Бас прокуратураның баспасөз қызметі Қазақстанда жазасын өтеп жатқан тұтқындардың санын жариялады. Биылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 34 702 адам бар, оның 6 567-сі тергеу изоляторларында, 28 135-і түзеу мекемелерінде.  Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті  Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында айтты.           

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу