freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық бес дзюдошы Астанада Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі

Спорт
Қазақстандық бес дзюдошы Астанада Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі
ҚР дзюдо федерациясы

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бес балуаны Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола медалі үшін сынға түседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевпен күресіп, қарсыласына жол берді. Енді ол Анваржон Ибрахимовпен қола жүлде үшін күреседі.

Дәл осы салмақта Ақылжан Жұбатқанов 1/2 финалда ресейлік Сайгид Керимовтен жеңілді. Осылайша қола медаль үшін өтетін белдесуде Рамазан Абдулаевпен (Ресей) күреседі.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов жартылай финалда моңғолиялық Сухбат Бямбасурэнге жол берді. Енді Шерзод отандасы Мағжан Шамшадинмен қола медальді өзара сарапқа салады. Ал Мағжан Шамшадин жұбаныш белдесуінде үндістандық Харш Сингхты жеңді.

Әйелдер арасында Меруерт Сәрсенова 52 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде бразилиялық Николь Маркесті жеңді. Осылайша қола медаль үшін өтетін бәсекеде ресейлік Лилия Нугаевамен күш сынасады.

Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу