Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Білім-ғылым
Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Түркістан облысы Арыс “Білім-Инновация” лицейінің 11 сынып оқушысы Алтынбек Айсұлтан әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың ішінде ең беделді халықаралық 10 университет көрсетілген.

Атап айтқанда: Budapest University of Technology and Economics, Eötvös Loránd University, University of East London, Albion College, Hampshire College, Drexel University, DePaul University, CU Boulder (University of Colorado Boulder), Drake University, Temple University сынды әлемге әйгілі жоғары оқу орындары бар.
Бұл білім ордалары – жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер қатарында.
Айсұлтан иеленген грант $4 614 000 долларды құрайды. Бұл жетістік — Айсұлтанның табандылығы мен талпынысының, ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу