Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық теннисші допингпен ұсталды

Спорт
Қазақстандық теннисші допингпен ұсталды

Теннисші Арсланбек Айтқұловтың турнирлерге неліктен қатыспай жүргені белгілі болды. Sportarena.kz мәліметінше, теннисші уақытша жарыстардан шеттетілген, деп хабарлайды Malim.kz.
Мұндай шешімді Теннисте адалдықты қамтамасыз ету халықаралық агенттігі қабылдаған. Оның қан құрамынан екі бірдей тыйым салынған препарат анықталған. Әңгіме LGD-4033 және "Метилгексанамин" препараттары жайлы.

Бұл тестілеуден қарағандылық 20 жастағы ойыншы Дохада өте алмай қалған. 8-14 қаңтар аралығында өткен ITF турнирінде ол Қазақстан атынан өнер көрсетіп, іріктеуде екі ойында жеңгенімен, негізгі себетте француз Пьер Делажға есе жіберді - 6:4, 6:7, 1:6.

Фото: Андрей Ударцев

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу