Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтардың проблемалық несиесі 12 млрд теңгеге көбейген   

Сұқбат
Қазақстандықтардың проблемалық несиесі 12 млрд теңгеге көбейген   

 Елімізде несиесін уақытында төлемегендердің саны арта түскен. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, ақпан айында төлем мерзімі 90 күннен асқан несие 827 млрд теңгеге жеткен.

Қаңтар айында бұл көрсеткіш 815 млрд теңге болған. Осы 827 млрд теңгенің 504 млрд-ы жеке тұлғалардың мойнында. Қалған 323 млрд теңгесі - заңды тұлғаларға тиесілі. Мұның ішінде шағын және орта бизнестің де «үлесі» бар.

«1 наурыздағы жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің кредит портфелінің жалпы көлеміндегі үлесі 3,4%-ды немесе 827 млрд теңге.   (2023 жылдың басында - 3,4% немесе 815 млрд теңге). Жеке тұлғалар портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 3,8%-ды немесе 504 млрд теңгені (1 қаңтар 2023 жыл – 3,7% немесе 493 млрд теңге) ШОБ-ты есептегенде заңды тұлғалар портфелінде – 3,0% немесе 323 млрд теңге (1 қаңтар 2023 жыл – 3,0% немесе 321 млрд теңге)», - деп жазады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Агенттік мәліметінше, мерзімі 90 күннен асқан кредиттерді арнайы резерв есебінен өтеу деңгейі 76,5% болған. Бұл жылдың басындағы көрсеткіштен 0,4% аз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу