freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның 16 өңірінде ауа райы күрт бұзылады

Қоғам
Қазақстанның 16 өңірінде ауа райы күрт бұзылады
Фото: unsplash.com

10 маусымға Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар облыстарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл және тұман күтіледі. Сонымен қатар көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай және секундына 15-20 метрге дейін жететін жел күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Жел екпіні 18-23 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Қостанай облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Түркістан облысында найзағаймен қатар солтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Жетісу облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі, аптап ыстық 35-36 градусқа дейін жетеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі болжанған.

Қызылорда облысында найзағай, дауыл және шаңды дауыл болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында аптап ыстық 35 градусқа дейін жетіп, өрт қаупі сақталады.

Абай облысында күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және 35 градусқа дейінгі ыстық болжанған.

Жамбыл облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі, жоғары өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу