Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның көлік нарығына Қытайдың тағы 15 автомобиль бренді кірмек

Экономика
Қазақстанның көлік нарығына Қытайдың тағы 15 автомобиль бренді кірмек

Қазірдің өзінде аспан асты елінің көліктеріне сұраныс жоғары. Бұған тұтынушыларға жасаған жағдай мен бағаның қол жетімділігі себеп дейді мамандар, деп хабарлайды Malim.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір жаңа темір тұлпар тізгіндейтіндердің таңдауы аспан асты елінің өніміне түседі. Ресми дилерлер саудалаған әрбір төртінші машина – қытайлық бренд.

Алдыңғы орында Chery, Haval мен Jac автокөліктері тұр. Былтыр Қытайдан Қазақстанға 869 млн долларға 55 мың көлік әкелінген. Жалпы, көрші ел автокөліктерінің әлемдік нарыққа шығуы соңғы төрт жылда 9 млрд доллардан 78 млрд-қа дейін артқан.

Алдағы уақытта Қазақстан нарығына тағы он бес шақты қытайлық көлік бренді кірмек ниетте. Бұл дегеніміз — Автомобиль дилерлері арасында үлкен тартыс пен бәсекелестік болатынын білдірсе керек.

Фото: depositphotos.com / ChinaImages

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу