freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20 млрд долларға жетті

Экономика
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20 млрд долларға жетті

Қазақстанның мемлекеттік қарызы шамамен 20 миллиард доллар. Бұл ІЖӨ-нің 23 пайызына тең, деп хабарлайды Malim.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Касеновns4 айтуынша, елдің халықаралық резервтері мемлекеттік қарыздан бірнеше есе көп. Қазіргі таңда Қазақстанның халықаралық резервтері 100 миллиард доллардан асады.

"Біз шын мәнінде борышкер емес, керісінше әлемнің нетто-кредиторымыз. Біріншіден, мемлекеттік қарызымыз өте төмен деңгейде. Екіншіден, көптеген елдерден ерекшелігіміз — Қазақстанда алтын-валюта резервтері және Ұлттық қордың активтері бар. Олардың жалпы көлемі – 100 миллиард доллардан жоғары, бұл ІЖӨ-нің шамамен 30–35 пайызына тең. Мұндай резервтер кез келген елде жоқ. Сондықтан да мемлекеттік қарыз біз үшін мәселе емес", – деді Касенов.

Қазақстанның мемлекеттік қарызының деңгейі халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, қауіпсіз шектен аспайды. Ел үкіметі Ұлттық қор мен резервтерді тиімді басқару арқылы қаржылық тұрақтылықты сақтауға ниетті.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу