Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның СІМ басшысы АҚШ-тың мемхатшысымен сөйлесті

Саясат
Қазақстанның СІМ басшысы АҚШ-тың мемхатшысымен сөйлесті

ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

«Жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселе бойынша пікір алмасу болды. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті», - делінген СІМ хабарламасында.

Фото: ҚР СІМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу