Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның сыртқы қарызы 27 триллион теңге 

Саясат
Қазақстанның сыртқы қарызы 27 триллион теңге 

Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің сөзінше, Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңге. Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына сауап бергенде айтты. 


- 2024 жылдың 1-қаңтарына дейін мемлекеттік қарыз 27 триллион теңге болды. Бұл ІЖӨ 22,8 пайызына тең. Бізде белгіленген мөлшер бар. Лимит 32 пайызға дейін қауіпсіз деп есептеледі, - деді министр. 

 

2023 жылдың желтоқсанында парламент мәжілісінде Бюджет кодексі талқыланған еді. Сол кезде депутат Ерлан Саиров квазимемлекеттік секторды қоса алғанда, Қазақстанның сыртқы қарызы 105 миллиард долларды құрайтынын тілге тиек еткен. Ол мемлекет қарызы бюджеттің 40 пайызына теңелсе, елде қаржылық қиындық туындайтынын айтқан.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу