Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«ҚазМұнайГаз» басшылығы 388 миллион теңге сыйақы алған

Экономика
«ҚазМұнайГаз» басшылығы 388 миллион теңге сыйақы алған

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылы басқарма мүшелерінің 388 миллион 673 мың 641,57 теңге көлемінде сыйақы алғанын растады. Бұл туралы Ulysmedia.kz сайты хабарлады.

Аталған сыйақы сомасы АҚШ долларына шаққанда, 851 мың 775 долларға тең.
«ҚазМұнайГаз» компаниясы басқарма құрамында 9 адам бар.

Олар: Мағзұм Мырзағалиев, Нұрсейіт Сүйінов, Қуаныш Құдайбергенов, Серікқали Бірекешев, Болат Зәкіров, Дмитрий Макеев, Диана Арысова, Василий Лавренов пен Дастан Абдулгафаров.

Айта кетейік, өткен жолы ұлттық компаниялар табысы, жетістігі мен сәтсіздігі және топ-менеджерлер алған сыйақысы жайлы жыл сайынғы есептерін жариялаған-тын.  

Коллаж Ulysmedia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу