Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қордай жанжалы: 90 қылмыстық іс қозғалды

Сұқбат
Қордай жанжалы: 90 қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғадан кейін 90 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Марат ҚОЖАЕВ мәлімдеді.

"Жүздеген адамнан жауап алынды, оқиғадағы әрбір адамның кінәсін анықтау үшін тергеу шаралары жүріп жатыр. Барлық процессуалды дәлелдер қолға түскен соң, кінәлілер жауапқа тартылады. Өте көп қылмыстық іс қозғалды, жаңа нәрселер шығып жатқандықтан, қылмыстық іс саны күн сайын артып жатыр. Қазіргі уақытта әртүрлі эпизод бойынша 90 қылмыстық іс қозғалды", - деді Қожаев.

Бірақ министр оқиға бойынша ұсталғандардың санын ашып айтпады.

"Полицияға бағынбай жанжал шығарғандардың ішінен үш адам қамауға алынды, іс сотқа жіберілді. Осы оқиғаға түрткі болған тағы бір іс - қарт адамды соққыға жығу бойынша кінәлілер анықталып, ұсталды. Қалған істер, арандатушылар бойынша ақпаратты жақын уақытта береміз" - деді Қожаев.

Фото: https://polisia.kzhttps://polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу