Әлеуметтік желіде Атырау қаласының үстінде айналып ұшқан әскери ұшақтың видеосы тарағаннан кейін Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл – Қазақстан Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі Су-30СМ жойғыш ұшағының жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы.
Министрлік мұндай жаттығулар ұшқыштардың кәсіби шеберлігін шыңдау және авиациялық техниканы қауіпсіз пайдалану мақсатында тұрақты түрде өткізілетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ ведомство тұрғындарды алаңдамауға және тек ресми, тексерілген ақпаратқа ғана сенуге шақырды.