Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында санавиация ұшағы апатқа ұшырай жаздады

Оқиға
Қостанай облысында санавиация ұшағы апатқа ұшырай жаздады

Бүгін қатты боран кезінде Арқалық қаласынан 1,5 км қашықтықта, әуежай маңында, Қостанай – Арқалық бағытындағы АН-2 санитарлық авиация ұшағы қатты қозғалыспен қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Malim.kz.

"Әуе кемесінде төрт адам болған: екі ұшқыш және екі дәрігер. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Костанай облысының ТЖД өрт сөндірушілері жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Облыстық ТЖД мен Арқалық қаласында жедел штабтар құрылып, жедел желі жүйесі жұмыс істейді. Құтқарушылардың жылдам әрекеттерінің арқасында ұшақтағы адамдар аман-есен табылып, Арқалық қаласына жеткізілді", - делінген хабарламада.

ТЖД баспасөз қызметі жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ екенін айтты. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу