freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қуанышым жұғысты болсын": Наркенже Серікбаева су жаңа Lexus LX 600 көлігін тізгіндеді (ВИДЕО)

Қоғам
"Қуанышым жұғысты болсын": Наркенже Серікбаева су жаңа Lexus LX 600 көлігін тізгіндеді (ВИДЕО)
Наркенже Серікбаева. Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Танымал әнші Наркенже Серікбаева жаңа көлік алғанын әлеуметтік желіде бөлісті. Өнер иесі Lexus LX 600 маркалы премиум жол талғамайтын автокөлік тізгіндеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің жаңа көлігін қабылдап алған сәтінен түсірілген видео желіде жарияланды. Желі қолданушылары мен жақындары Наркенже Серікбаеваны жаңа темір тұлпарымен құттықтап, ақ тілектерін жолдаған.

"Құтты болсын! Су жаңа автокөлік", "Астыңызда тозсын", "Бағдаршамның жасылын, жолдардың тегісін, сәтті сапарлар тілейміз" деген пікірлер жазылған.

Кейін Наркенже Серікбаева да оқырмандарына алғыс айтып, қуанышын бөлісті.

"Армысыздар, менің жақсыларым, жанашырларым! Кешелі бері менің қуанышыма құттықтау айтып жатқан жандардың барлығына үлкен рақмет! Қуанышым баршаңызға жұғысты болсын!" – деп жазды әнші.

Наркенже Серікбаева қазақ эстрадасында ұлттық нақыштағы және лирикалық әндерімен танылған. Оның «Жүрегімде жүрсің сен», «Қазақ осы», «Әдемі ана», «Елім KZ» секілді туындылары тыңдарман арасында кең тараған.

Lexus LX 600 қандай көлік?

Lexus LX 600 – жапондық Lexus брендінің флагмандық толық өлшемді премиум жол талғамайтын көлігі. Қазақстанда сатылатын бензинді LX 600 нұсқасында 3,5 литрлік V6 қос турбиналы қозғалтқыш орнатылған. Қазақстандағы ресми Lexus дерегінде оның қуаты 415 ат күшіне, ал максимал айналу моменті 650 Нм-ге жететіні көрсетілген.

Көлік 10 сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған және толық жетекті жүйеге ие. LX моделі жол талғамайтын мүмкіндік пен премиум жайлылықты біріктіретін Lexus-тің ең жоғары санаттағы SUV модельдерінің бірі саналады.

Қазақстандағы ресми дилер мәліметінде Lexus LX-тің ұзындығы 5100 мм, ені 1990 мм, биіктігі 1895 мм деп көрсетілген. Жол саңылауы шамамен 200–210 мм. Бензинді нұсқасының жанармай багының көлемі 110 литрге дейін жетеді.

Салонда үлкен мультимедиа дисплейлері, жүргізушіге арналған электронды көмек жүйелері және жоғары деңгейлі әрлеу материалдары қарастырылған. LX буынында 12,3 дюймдік жоғарғы экран мен 7 дюймдік төменгі дисплей қолданылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу