Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құтқарушылар автобустың 16 жолаушысын тас жолдан эвакуациялады

Қоғам
Құтқарушылар автобустың 16 жолаушысын тас жолдан эвакуациялады
Фото: видеодан скрин

Қостанай облысы Федоров ауданы аумағында ТЖМ құтқарушылары республикалық маңызы бар «Астана – Қостанай – РФ шекарасы» автожолында тоқтап қалған автобустың жолаушыларына көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Федоровка ауылынан 4 км қашықтықта «Тәжікстан – РФ» маршрутымен келе жатқан автобус техникалық ақау салдарынан тоқтады. Температураның төмендеуіне байланысты жолаушылар үшін қауіп туындады.

ТЖМ, ЖАО және ПД күшімен 16 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Жолаушылар Жарқөл ауылындағы жылыту пунктінде орналастырылды. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқарушылар ескертеді: ауа райы нашарлаған кезеңдерде ұзақ сапарға шықпауға кеңес беріледі. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу