Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытай экономикасы Еуропаға тәуелді – Германия қаржыгері

Әлем
Қытай экономикасы Еуропаға тәуелді – Германия қаржыгері

Германия Федералдық банкі (Бундесбанк) президенті Йоахим Нагельдің айтуынша, Қытай экономикасы Еуропаға қарағанда одан әлдеқайда тәуелді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

«Еуропа өз мүддесін нық ұстануы керек. Себебі еуропалықтар үшін ең маңызды нарық – бұл Еуропаның өз нарығы», – деді ол Вашингтонға сапары барысында.

Қаржыгер Еуроодақты Қытаймен сауда қатынастарында өз мүддесін батыл қорғауға шақырды. Оның сөзінше, ЕО – шамамен 450 миллион халқы бар қуатты экономикалық аймақ, сондықтан Қытай үшін де үлкен мәнге ие.

Нагель Еуропаға Қытаймен сауда соғысынан аулақ болуға, бірақ сонымен бірге өз нарықтарын қорғауға және тең диалогты сақтауға кеңес берді.
Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу