Ресейдің оптикалық талшық тұтынушылары қиындыққа ұшырады деп жазады Forbes басылымы.
Қытай компаниялары опиткалық талшықтың бағасын 2.5-4 есеге дейін қымбаттатып жіберген. Ресейдің Саранск қаласындағы талшық өндіретін жалғыз кәсіпорын болса, 2025 жылы жабылып қалыпты.
Ресей де Украина сияқты - ұрыс алаңында кабельмен басқарылатын FPV-дрондар қолданады. Радиотолқын арқылы басқарудан гөрі, кабельдер тұншықтыру және адастыру үшін қойылатын сигналдарды елемейді. Былтыр Украина мен Ресей қоса алғанда 50 млн шақырым оптикалық талшық қолданған екен. Оптикалық талшық кәдімгі телеком үшін де ауадай қажет.
Бар сарапшылар мұны Қытайдың жағдайды пайдалануы деп, тіпті сатқындыққа баласа, бір сарапшылар сұраныс шынымен ғаламат, бағаны көтермесе болмайды дейді. Еске сала кетсек, санкциядағы Ресей мұндай тауарды Қытайдан басқа елден сатып ала алмайды.