Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылжарлық ана он жетінші баласын дүниеге алып келді

Сұқбат
Қызылжарлық ана он жетінші баласын дүниеге алып келді

Қызылжарлық Павел мен Татьяна КУЛТЫШЕВТАР отбасында он жетінші сәби дүниеге келді. Енді олардың он ұлы, жеті қыздары бар.

«Шілде айында біздің отбасымыз көбейіп отыр. Жарым он жетінші баланы аман-есен өмірге алып келді. Ұлды болдық. Сәбидің атын Давид деп қойдық», - деген жергілікті сайттардың біріне Павел Култышев.

Павел мен Татьяна шіркеуде танысыпты. 2000 жылы отбасын құраған. Ол кезде отағасы 22 жаста болса, Татьяна 19 болған екен. Жас келіншек алғашқы перзентін жиырма жасында дүниеге алып келген. Содан кейін отбасы жыл сайын бесік той жасап отырған. Биыл олардың отбасында тағы бір қуаныш. Тұңғыштары  Инна тұрмысқа шығыпты.  

Фотолар ғаламтордан алынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу