Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Рахман қайнары» мемлекеттің балансына берілді

Құқық
«Рахман қайнары» мемлекеттің балансына берілді

ШҚО-дағы «Рахман қайнары» шипажайы мемлекеттің балансына берілді.
Электрондық сауда алаңында шипажайды мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтті. Нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына беріліп отыр.


"22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ", - деп атап өтті облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.
Айта кетейік, бұған дейін өзге де туристік, өндірістік нысандарымен бірге «Бипэк Авто — Азия авто» компаниялар тобының жеке меншігіндегі «Рахман қайнарлары» шипажайына сотпен тиым салынып, жұмысы тоқтатылған еді. Шипажай 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор - ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

Фото: happylove.top

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу