freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

RES — 2026: БҰҰ Орталық Азиядағы қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін көтерді

Экология
RES — 2026: БҰҰ Орталық Азиядағы қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін көтерді
Ақорда

Қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамыту керек. Бұл туралы елордадағы Өңірлік экологиялық саммитте БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының атқарушы директоры Ингер Андерсен мәлім етті. 

— Күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды негізінен жер қойнауынан шыққан шикізатты өңдеу арқылы шығарып жатырмыз. Дегенмен, ескірген немесе істен шыққан тауарларды кейіннен қоқысқа лақтыра саламыз. Дегенмен, осы үдерісті өзгерте аламыз, яғни шикізатты өндіріп, оны өңдеп, кейін жай ғана тастай салу процесімен шектелу — орнықты модельге жатпайды. Себебі жинақталып жатқан қалдықтар әлем экологиясын, болашағымызды нашарлатып жатыр. Сондықтан осы қалдықтарды қайта өңдеу мен айналым экономикасын кеңейтуге екпін қою керек. Қазір ресурстарды жер қойнауынан алу қарқынды жүріп жатыр, тауарлар мен өнімдерге сұраныс артып келеді. Егер осы қалыпта жалғаса берсе, онда алдағы кезеңде салдары ауыр дағдарыс болуы ықтимал, — деді Ингер Андерсен.

Осы орайда ол мұндай сын-қатер Орталық Азияға да қауіп төндіретінін айтты.

— Бұл өңірдегі халық санының өсіп келе жатқанын ескерсек, қалдықтар көлемі де артады. Бұл қауіпке айналым экономикасының идеясы жақсы жауап болар еді. Осы ретте, жаңа жұмыс орындарын құруға, жаңа мүмкіндіктерді ашуға, экономикалық құндылықтарды қалыптастыра аламыз. Атап айтқанда, материалдарды қайталап пайдалану тәжірибесін кеңейту өте маңызды. Жалпы, Орталық Азия елдері осы реформаларға кірісіп кетті. Бұл өз кезегінде жаңа бизнес модельді дамытуға ықпал етеді, — деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орнықты болашаққа ортақ көзқарас» тақырыбымен Өңірлік экологиялық саммит (ӨЭС) жұмысын бастады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу