freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей әскери барлау басшысының орынбасарына жасалған қастандық: күдікті Дубайда ұсталды

Әлем
Ресей әскери барлау басшысының орынбасарына жасалған қастандық: күдікті Дубайда ұсталды
Фото: Euronews / AP, AFP

Ресейдің әскери барлау қызметі басшысының орынбасары Владимир Алексеев жұма күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы өз үйінің кіреберісінде бірнеше рет оққа ұшқаннан кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz. Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл шабуыл Ресей Украинамен байланыстырып отырған жоғары лауазымды әскери тұлғаларға қарсы жасалған бірқатар кісі өлтірулерден кейін орын алды.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) хабарлауынша, Алексееевке жасалған қастандыққа күдікті ер адам Дубайда ұсталып, кейін Ресейге берілген. Ведомство мәліметінше, атысқа күдікті ретінде Ресей азаматы Любомир Корба ұсталған. Сонымен қатар, тағы екі «сыбайласының» бар екені анықталған: олардың бірі Мәскеуде қолға түскен, екіншісі Украинаға кеткен.

Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренконың хабарлауынша, Владимир Алексеев жұма күні Мәскеудегі тұрғын үйде бірнеше оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған.

Атыс оқиғасы Ресей, Украина және АҚШ өкілдері Абу-Дабиде Украинадағы төрт жылға жуық уақытқа созылған соғысты тоқтатуға бағытталған екі күндік келіссөздерді аяқтағаннан кейін бір күн өткен соң болды.

2022 жылы Ресей Украинаға кең ауқымды басқыншылық бастағаннан бері, ресейлік билік Украина тарапын Ресей аумағындағы бірқатар әскери және қоғам қайраткерлерінің өліміне айыптап келеді. Украина кейбір шабуылдарға жауапкершілікті өз мойнына алғанымен, бұл іс бойынша әзірге пікір білдірген жоқ.

Генерал Владимир Алексеев — танымал әрі ықпалды тұлға. Еуроодақ оны британдық Солсбери қаласына «Новичок» улағыш затын жеткізуге жауапты деп атаған, ал АҚШ оны «кибкеңістіктегі зиянды әрекеттерге» қатысы бар деп айыптаған. Ресейде ұзақ жылдар бойы ол «Вагнер» жеке әскери компаниясының қызметін бақылап отырған.

2011 жылы Бас штабтың Бас басқармасы басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Алексеев Сириядағы бірқатар ірі операцияларды жоспарлаған, ал кейін 2022 жылғы ақпанда басталған Украинадағы кең ауқымды соғыс кезінде де әскери операцияларға жетекшілік еткен.

Бұған дейін ресейлік генералға шабуыл жасаған күдікті туралы жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу