19 шілдеге қараған түні Ресей әскері Киевке баллистикалық зымырандармен жаппай соққы жасады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Шабуыл салдарынан тұрғын үйлер, жатақхана, супермаркет пен автокөліктер зақымданып, бірнеше жерде өрт шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша, қалада бір адам қаза тауып, сегіз адам жарақат алған.
Киевтің Днепр ауданында сауда орталығы маңында түтін шығып, зымыран сынықтарының құлауынан жатақхана өртенген. Шевченко ауданында әкімшілік ғимаратқа жапсарлас үш қабатты нысан отқа оранған. Соломен ауданында көпқабатты тұрғын үйдің жанында зымыран сынықтары құлап, терезелер сынған. Сондай-ақ супермаркеттің шатыры мен көршілес тұрғын үйде өрт тіркелді.