freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер 2 сағатта аяқталды

Әлем
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер 2 сағатта аяқталды
Фото: National Security and Defence Council of Ukraine/REUTERS

Женевада Ресейдің Украинаға қарсы соғысын реттеу бойынша өткен келіссөздердің екінші күні Мәскеу мен Киев делегацияларының АҚШ делдалдығымен кездесуі шамамен 2 сағатқа созылды. Бұл туралы 18 ақпанда Ресей делегациясының жетекшісі Владимир Мединский мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Өздеріңіз білесіздер, келіссөздер екі күнге жалғасты: кеше әртүрлі форматта өте ұзақ өтті, ал бүгін тағы шамамен екі сағатқа созылды. Олар ауыр, бірақ іскерлік сипатта болды», – деді ол журналистерге кездесу қорытындысы бойынша.

Мединский жаңа келіссөз раунды жақын уақытта өтетінін атап өтті. Бұл ақпаратты «Интерфакс» агенттігінің дереккөзі де растады. Сондай-ақ 18 ақпанда Ресей өкілдерінің Мәскеуге оралатыны хабарланды.

Украина делегациясының жетекшісі, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚКҚ) хатшысы Рустем Умеров келіссөздерде ілгерілеу бар екенін айтып, бірқатар мәселелер бойынша айқындық енгізілгенін жеткізді. Алайда «қазіргі кезеңде егжей-тегжейін жариялауға болмайтынын» атап өтті. Ол ресейлік тараппен талқылауларды «қарқынды әрі мазмұнды» деп сипаттады.

«Келесі қадам – пысықталған шешімдерді президенттердің қарауына ұсыну үшін қажетті консенсус деңгейіне қол жеткізу», – деді Умеров.

Екі күндік келіссөздер қорытындысы бойынша Украина президенті Владимир Зеленский әскери бағытта белгілі бір ілгерілеу барын мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар «саяси ерік болса», атысты тоқтатуды америкалықтардың қатысуымен бақылау тетігі бойынша «дерлік уағдаласты».

Алайда саяси мәселелерде, соның ішінде Донбасс аумағын бақылау және Запорожье атом электр станциясына қатысты әскери саладағыдай айқын прогресс жоқ.

Зеленский сондай-ақ Женевадағы келіссөздерге еуропалық елдер өкілдерінің «кеңірек» қатысқанын атап өтті. «Біз үшін Еуропаның қатысуы өте маңызды», – деді Украина президенті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу