Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей территориясын атқылауға енді Франция зымырандары да қолданылуы мүмкін

Әлем
Ресей территориясын атқылауға енді Франция зымырандары да қолданылуы мүмкін

Француздардың ұзақ қашықтыққа арналған зымырандары Ресей аумағындағы нысандарға «өзін-өзі қорғау логикасында» қолданылуы мүмкін. Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро BBC арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Дегенмен, ол француз қаруының мұндай тәсілмен қолданылғаны туралы нақты ақпарат беруден бас тартты.

Барроның айтуынша, Франция Украинаға қолдау қанша қажет болса сонша әрі қарқынды түрде жалғастырады, себебі, бұл жағдай Еуропаның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Ресей әскері бір шаршы шақырым алға жылжыған сайын, бұл қауіп Еуропаға бір шаршы шақырым жақындайды, деді ол.

Сондай-ақ, «француз әскерінің соғысқа тікелей қатысуы мүмкін бе?» деген сұраққа ешқандай нұсқаны жоққа шығармайтындарын жеткізді.

Фото: naked-science.ru/Euclio Drusus

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу