2 мамырға қараған түні Ресей қарулы күштері Украина аумағындағы бірнеше өңірге дрондармен және соққы құралдарымен шабуыл жасады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Николаев облысында дрондар энергетикалық инфрақұрылымға соққы жасаған. Жергілікті биліктің мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Харьков қаласында Шевченко ауданындағы көпқабатты үйдің 12-қабатына дрон соғылып, бір бейбіт тұрғын жарақат алған. Қала әкімінің айтуынша, дрон жарылмаған, бұл ауыр салдардың алдын алған.
Сумы қаласында бірнеше жарылыс дыбыстары естілген. Херсон қаласында да жарылыстар бірнеше рет тіркелген.
Украина Қарулы күштерінің мәліметіне сәйкес, дрондар Чернигов, Запорожье және Одесса бағытында да қозғалған.
Одесса облысындағы Измаил порттық инфрақұрылымына да шабуыл жасалған. Жергілікті әкімдік ПВО күштерінің көп дронды атып түсіргенін, айтарлықтай қирау жоқ екенін хабарлады.