Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей-Украина. Келіссөздердің екінші раунды қалай аяқталды?

Саясат
Ресей-Украина. Келіссөздердің екінші раунды қалай аяқталды?

Ресей мен Украина делегациялары  арасындағы келіссөздердің екінші раунды өтті. Ресейлік делегациясының басшысы Владимир Мединский тараптар гуманитарлық дәліз құру туралы келісім жасағанын мәлімдеді.  

 

Ал Украина президенті кеңсесінің өкілі Михаил Подоляк қажетті нәтижеге қол жеткізе алмағанын айтып отыр. Оның айтуынша келісім гуманитарлық дәліз ұйымдастыру үшін атысты әзірше тоқтату бойынша ғана жасалған. 


Келіссөздер аясында үш түрлі мәселені талқыға салуы керек еді. Олар: әскери, халықаралық-гуманитарлық және болашақта шиеленісті саяси реттеу мәселесі. Келіссөздің үшінші раунды қашан болатыны белгісіз.  Айта кетейік, бірінші раунд Беларусь пен Украина шекарасындағы Гомель облысында өткен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу