Ресей әскерлері Краматорск қаласына авиабомба тастап, Херсонға реактивті залптық от жүйелері (РСЗО) арқылы соққы жасады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Полтава облысында «Нафтогаз» нысандары шабуылға ұшырады. Одессада өнеркәсіптік нысан зақымданды. Львовта жарылыстар болғаны хабарланды.
Ресейдің Қарулы күштері жексенбіге қараған түні, 8 ақпанда, Украинаға Курск, Орёл, Брянск, Приморско-Ахтарск және Шаталово бағыттарынан Shahed, «Гербера», «Италмас» үлгісіндегі және басқа да типтегі 101 соққы жасаушы дронмен шабуыл жасады. Бұл туралы Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері Telegram-арнасында хабарлады.
Әуе қорғанысы елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында 69 ұшқышсыз ұшу аппаратын жойды. 32 соққы жасаушы дронның 13 жерде нысанаға тигені, сондай-ақ бір жерде олардың қалдықтары құлағаны тіркелді.