Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде дрон жинайсың. Жұмысы - 12 сағаттық, жалақысы аз.

Әлем
Ресейде дрон жинайсың. Жұмысы - 12 сағаттық, жалақысы аз.
ФОТО: © ulysmedia.kz / east2west news

Ресейде дрон құрастыру жұмыстарына әлеуметтік желі арқылы тарту күшейді деп жазады ulysmedia.kz басылымының авторы Асқар Жақыпов.

Басылымның тұжырымынша, басында жұмысшы күшін тартуды Африка мен Латын Америкасы елдерінде жүргізген Ресей, қазір Орта Азия елдеріне шүйлігіп отыр. Былтыр, негізінен адам құқы ұйымдарының хабарлауынша - даяшы ретінде жұмысқа қабылданған қыз-келіншектер Татарстандағы "Герань-2" (Shahed-136) дрондарын жинайтын зауыттан бір шыққан. Олар ауыр жұмысқа жегіліпті: дрон құрастыру жұмыстарында ауысым 12 сағаттық екен; жалақы уәде етілгеннен төмен болып шығып әрі қауіпті химиялық қоспалармен жұмыс істеуге тура келіпті.

Қазақстандық пиар-маман әрі кәсіптік бағдар беруші Дарья Бубликке де ресейліктер осындай ұсыныстармен шығып, әрбір келісім-шарт үшін ақша ұсынған. Дарьяның айтуынша, Татарстандағы “Алабуга” кешеніне қатысты журналистік тергеулер оған белгілі. Жарнаманың мазмұнына еліткен азаматтар басында уәде етілген жұмыстың орнына дрон құрастыру кешенінен бір шыққан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу