Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

Саясат
Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұған дейін президент бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптап, мәлімдеме жасаған еді. 

Еске сала кетейік, кеше белгісіз біреулер Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы Крокус сити холл ғимаратында оқ жаудырған. Террористер атыс шығарғаннан кейін көрермен залын өртеп жіберген. Қазіргі таңда үйінділерді жинау жұмыстары жүріп жатыр.

Осы оқиғаға байланысты Ресейдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі іске қосылды: 8 (925) 897-71-14.

Сыртқы істер министрлігі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар екені туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу