freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейдің үш аймағында қазақ мектебі салынады

Білім-ғылым
Ресейдің үш аймағында қазақ мектебі салынады
Жасанды интеллект

Қазақстан Ресей Федерациясының үш аймағында – Орынбор және Омбы облыстарында, сондай-ақ Астрахан қаласында жаңа мектептер салады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді,-Malim.kz Kaz.365 сайтына сілтеп.

Үкімет басшысы орынбасарының сөзінше, қазіргі уақытта Орынбор облысы бойынша мектеп салынатын жер телімдері толық келісілген. Ал Астрахан және Омбы облыстарында бұл мәселе әлі де пысықталып жатыр. Жаңа білім ошақтарында балалар екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде білім алатын болады, алайда оқыту бағдарламалары мен әдістемелері әзірге өзара нақты келісілген жоқ.

Көршілес екі елде бірлескен мектептер салу мәселесі алғаш рет 2025 жылдың қараша айында Қазақстан мен Ресейдің Оқу-ағарту министрлері Жұлдыз Сүлейменова мен Сергей Кравцовтың кездесуінде талқыланған болатын. Сол уақытта Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігі аталған жобаны жүзеге асыру үшін екіжақты арнайы жұмыс тобы құрылатынын хабарлаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу