Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды

Саясат •
Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды

Режеп Тайип Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында түрік басшысын Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Режеп Тайип Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

Түркия — ұйымға серіктес ел.

Айта кету керек, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20-на кіреді.

Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің Үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.

Фото: primeminister.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу