«Әділет» партиясының өкілдері Катонқарағай ауданының жергілікті тұрғындарымен кездесті. Жиында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары мен басымдықтары таныстырылды. Аудан халқы әлеуметтік салаға, инфрақұрылымға және елді мекендерді дамытуға қатысты мәселелерді көтерді. Штаб мүшелері қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Бағдарламада қамтылған бастамалар жөнінде нақты түсініктеме берілді. Тараптар аудан үшін өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындардың ой-пікірін білуге бағытталды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Өскемен қаласының аумағында сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға партия бағдарламасы туралы мәліметтер жазылған парақшалар таратылды. Штаб мүшелері азаматтарға сайлауалды бағдарламаның басты бағыттары мен ұсыныстарын түсіндірді. Бұдан бөлек, арнайы стендтерге орналастырылған плакаттардың жағдайы тексерілді. Бүлінген үгіт материалдары қалпына келтіріліп, қайта ретке келтірілді. Жұмыс барысында тұрғындардың пікірлері мен сауалдары назарға алынды. Атқарылған шаралар сайлаушыларды партияның бастамаларымен таныстыруға бағытталды.
«Байтақ» партиясының өкілдері Өскемендегі «Дос-Нар» сауда үйінде қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесу барысында қала тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды. Қатысушылар әлеуметтік салаға, экологияға және инфрақұрылымға қатысты мәселелерді көтерді. Партия өкілдері айтылған сауалдарға жауап беріп, шешу жолдарын талқылады. Бұдан бөлек, кандидат қала автобустарында жолаушылармен пікірлесті. Азаматтарға сайлауалды бағдарлама мен негізгі бастамалар жазылған парақшалар таратылды. Шаралар тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың пікірін білуге бағытталды.
Қазақстан Халық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабы Қан орталығының ұжымымен кездесті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген негізгі бағыттар таныстырылды. Мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, сауалдарын қойды. Штаб өкілдері қатысушылардың ұсыныстары мен өтініштерін мұқият тыңдады. Бағдарламада қамтылған бастамалар жөнінде нақты түсініктеме берілді. Тараптар денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті тақырыптарды талқылады. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ұжымның ой-пікірін білуге бағытталды.
«Ауыл» партиясының өкілдері Риддер қаласының тұрғындарымен кездесті. Жиында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен таныстырылды. Қала халқы әлеуметтік салаға, инфрақұрылымға және елді мекенді дамытуға қатысты мәселелерді көтерді. Топ мүшелері қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Бағдарламада қамтылған бастамалар жөнінде нақты түсініктеме берілді. Тараптар өңір үшін өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындардың талап-тілегін білуге бағытталды.
«Ақ жол» партиясының өкілдері «Восток-Молоко» серіктестігінің ұжымымен кездесті. Келесі жүздесу «Банк ЦентрКредиттің» Өскемен филиалында банк саласының мамандарымен өтті. Бұдан бөлек, штаб мүшелері Өскемен жылу электр орталығының қызметкерлерімен пікірлесті. Жиындарда сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары кеңінен таныстырылды. Қатысушылар өзекті мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Партия өкілдері қаладағы белгіленген орындарға үгіт материалдарын орналастырды. Сауда-ойын-сауық орталықтарында тұрғындарға парақшалар мен брошюралар таратылды.
«Respublica» партиясының мүшелері Өскемен құс фабрикасының ұжымымен кездесті. Жиында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары кеңінен таныстырылды. Тағы бір жүздесу фармацевтика саласының қызметкерлерімен ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар да өзекті мәселелерді көтеріп, ойларын ортаға салды. Бұдан бөлек, штаб мүшелері сауда саласындағы кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Партия өкілдері рұқсат етілген орындарға сайлауалды үгіт материалдарын орналастырды. Тұрғындарға бағдарламаның мазмұны жазылған брошюралар мен парақшалар таратылды.
Саяси партиялар үгіт-насихат жұмыстарын Шығыс Қазақстанда жалғастырды