Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Салық комитеті шекарадағы кептелістің жайын түсіндірді

Экономика
Салық комитеті шекарадағы кептелістің жайын түсіндірді

Мемлекеттік кірістер комитеті Ресеймен шекарадағы кептеліске байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақпарат құралдарында Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» өткізу пунктінің алдында Ресей бағытындағы жүк автокөліктерінен шақырымдарға созылған кезек пайда болды деген ақпарат жарияланған еді.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті қазір «Жайсаң» өткізу пунктінде жүк автокөліктерінің кептелісі байқалмайтынын, өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

Күні бойы Ресейге шекарадан өтуді күткен жүк автокөліктерінің саны 50-ден аспады.

Тәулігіне орта есеппен «Жайсаң» өткізу пункті арқылы 1600-ден астам жүк және жеңіл автокөліктер өтеді, деп хабарлады комитет.

Комитет мәлімдеуінше, шекараның қазақстандық жағында «Жайсаң» өткізу пунктінде әр бағытта 4 жол белдеуі, Ресей жағында «Сагарчин» өткізу пунктінде 1 жол белдеуі жұмыс істейді.

Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жұмыс штаттық режимде жүргізіледі, өткізу пунктінде барлық құжаттарды тіркеу терезелерінің жұмысы қамтамасыз етіледі, 4 қызметкер тұрақты негізінде жұмыс атқарады, өткізу пункті шегінде жүргізушілер мен автокөліктердің кептелісі жоқ, деп жазды комитет.

Фото: akb.kgd.gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу