freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сапасы нашар ақылы жолдар үшін енді ақша төлемеуге болады

Құқық
Сапасы нашар ақылы жолдар үшін енді ақша төлемеуге болады
Фото: gov.kz

Ақылы автожолдардың ақауы бар 14 учаскесінде жолақы алу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Комиссия жүргізген зерттеу республикалық маңызы бар бірқатар ақылы автожол учаскелерінде жол қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне әсер ететін ақаулардың болғанын анықтады.

«Осыған байланысты Көлік министрлігі уәкілетті орган – Автомобиль жолдары комитеті арқылы аталған ақаулар тіркелген ақылы жолдардың жекелеген учаскелерінде жолақы алуды уақытша тоқтатуды келісті», – деп мәлімдеді «ҚазАвтоЖол».

Аталған учаскелерде жолақы 2026 жылғы 29 қаңтардан бастап алынбайды.

Жөндеу жұмыстары 2026 жылы жол-құрылыс маусымы аясында басталады және техника дайындығына әрі қолайлы ауа райына қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Ақылы жолдардың жағдайы тұрақты бақылауда болады: ақауларды дер кезінде анықтап, жою үшін тексерулер мен қараулар жүйелі түрде өткізіледі.

Ақаулар болған учаскелер:

Көкшетау – Петропавл;

Павлодар – Семей – Қалбатау;

Павлодар – Омбы;

Астана – Теміртау;

Алматы – Қонаев;

Қонаев – Талдықорған;

Шымкент – Қызылорда;

Орал – Самара;

Орал – Саратов;

Астана – Павлодар;

Қызылорда – Арал;

Ақтөбе – Орынбор;

Қостанай – Троицк;

Тараз – Қайнар.

Кейін «ҚазАвтоЖолда» тегін жүру тек ақауы бар учаскелерге ғана қатысты екенін нақтылады. Яғни жол толықтай ақылы болып қала береді, бірақ тариф ақаулы бөліктерді есептен шығару арқылы түзетіледі.

Бұл үшін жүргізушілерге ешқайда жүгінудің немесе өтініш жазудың қажеті жоқ: жолақы алу жүйесі түзетуді автоматты түрде қолданып, ақаулы учаскелерді есептен өзі алып тастайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу