Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шардарада баласы ұрып-соққан марқұмның қабірі қайта қазып алынған

Қоғам
Шардарада баласы ұрып-соққан марқұмның қабірі қайта қазып алынған
ашық дереккөзден

Түркістан облысы Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылында ұлы тарапынан ұрып-соғылып, азапталған 70 жастағы Есіркеп Садақбаевтың қазасына байланысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Тергеу аясында марқұмның денесі қабірінен қайта қазылып, эксгумация жасалған. Бұл туралы Жетісай аудандық сотында прокурор мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Айыптау актісіне сәйкес, сот-медициналық сараптама қорытындысы өткен жылдың қараша айында дайын болған. Онда марқұмның сол жақ үшінші қабырғасы бұғана орта сызығы бойымен сынғаны, сондай-ақ 8, 9, 10-қабырғаларында жауырын сызығы және 8, 9-қабырғаларында омыртқа маңы сызығы бойымен сынықтар анықталғаны көрсетілген. Сонымен қатар, жұмсақ тіндердің қанталауы тіркелген. Сараптама бұл жарақаттарды денсаулыққа орташа дәрежедегі зиян ретінде бағалаған.

Бұдан бөлек, марқұмның мұрын сүйегінің сынғаны да анықталған. Сарапшылар бұл жарақаттардың тірі кезінде қатты, доғал заттың әсерінен алынғанын көрсетті.

Алайда мәйіт ұзақ уақыт жерленгендіктен, дене қатты шіріп кеткен. Осыған байланысты өлімнің нақты себебін дәл анықтау мүмкін болмаған.

Сот отырысында ауылдық учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Арапбаевтан да жауап алынды. Оның айтуынша, ол бұл жағдайдан әлеуметтік желіде марқұмды баласының ұрып жатқан видеосы тарағаннан кейін ғана хабардар болған. Оған дейін полицияға ешқандай арыз-шағым түспеген.

"Видео тараған күні Алмас Садақбаевты полиция бөліміне жеткіздім. Оны бұрыннан танитынмын, мұндай жағдай болады деп ойламадым. Ауылда бес мыңға жуық адам бар, барлығына бірдей бақылау жасау қиын", – деді учаскелік инспектор.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шардара ауданында әкесін ұрып-соқты деп айыпталған тұрғынның ісі сотта қаралып жатыр. Іс бойынша марқұмның 42 жастағы ұлы Алмас Садақбаев айыпталушы ретінде жауап беруде. Ал жәбірленуші тарап ретінде оның туған інісі Батыр Садақбаев танылған.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Қинау" және "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" баптары бойынша тіркелген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу