Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шавкат Рахмонов базарда қарбыз сатып табыс тапқанын айтты

Спорт
Шавкат Рахмонов базарда қарбыз сатып табыс тапқанын айтты

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Naiza TV-ға берген сұхбатында алғашқы табысы жайлы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Шавкат табыс табу үшін базарда қарбыз сатқанын да еске салды.

Алғашқы табысымды базарда қарбыз тасып алған едім. Сол кезде маған тиын-тебен төлейтін. Алайда сол шақтың өзінде мен табыстың қадірін ұға бастадым, - деді Шавкат Рахмонов.

Жерлесіміз табысқа жету үшін талант аздық ететінін, міндетті түрде тынымсыз еңбек ету қажеттігін еске салды.

Кейбір адамдардың бойында зор әлеует бар, бірақ олар мақсатқа жету үшін жұмыс істеуден бас тартады. Бұл мені әрдайым қынжылтатын мәселе, - деді Шавкат Рахмонов.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі айқасын 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізеді.

Фото: Chris Unger/Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу