Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында даңқты спортшы Шавкат Рахмоновты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Ол еліміздің атын шет мемлекеттерге танытып, мерейін үстем ету жолында тер төгіп жүр. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Ассамблея — берекелі бірлігіміздің мызғымас нышаны, теңдесі жоқ бірегей құрылым. Оның мүшелері елдегі тұрақтылықты нығайту үшін аянбай еңбек етіп жүр. Ал қоғамдағы келісім мен ынтымақты күшейту — нағыз отаншылдық белгісі. Мен бүгін еліміздегі бірнеше этно-мәдени орталықтың өкіліне «Ел бірлігі» орденін табыстаймын. Мәдениет — ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз, — деді Президент.
Бүгін сондай- ақ руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары — Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова «Қазақстанның халық әртісі» атағына лайық деп танылды.
Сондай-ақ мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге айрықша үлес қосып жатқан Иван Сауэрге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
— Жоғары мемлекеттік марапаттарды халқымыздың шынайы ықыласы және сый-құрметі деп қабылдаңыздар. Бүгін әрбір облыста жүздеген лайықты азаматымыз менің Жарлығыммен жоғары мемлекеттік наградамен марапатталады, - деді Мемлекет басшысы.
Фото: Kaspi.kz