Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шавкат Рахмоновтың қарындасы қуанышты жаңалығы барын айтты

Спорт
Шавкат Рахмоновтың қарындасы қуанышты жаңалығы барын айтты

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова алғашқы әскери шенін алғанын хабарлады. Ол сүйінші жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құттықтап қойсаңыздар болады! Әскери қызметте бірінші офицерлік шен - «лейтенат» шені берілді! Осы қуанышты жаңалықпен өздеріңізбен бөліскенді жөн көрдім.

Елдің тыныштығы үшін аянбай еңбек ететін құтқарушылар қатарында болғанымды мақтан тұтамын!

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі базасында құрылған «Batyr Team» спорт клубына және Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне алғысым шексіз! деп жазды спортшы.

Сора былтыр тамыз айында ТЖМ қатарына қызметке тағайындалған еді.

Айта кетейік, Сора Рахмонованың өзі де танымал спортшы. Ол қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, кәсіпқой аралас жекпе-жек жауынгері, кикбоксинг, кайбокс, ММА, панкратион спорт түрлерінен ҚР спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері.

Фото: instagram.com/sora_rakhmonova_

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу