Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі титулдық жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

Спорт
Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі титулдық жекпе-жегі өтпеуі мүмкін
Фото: UFC

Америкалық UFC файтері Оди Осборн (13-9) Sports.kz сайтына берген пікірінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (19-0) жақын болашақта чемпиондық белбеу үшін айқасу мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Шавкат ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ. Бұл оның чемпиондық амбициясы үшін елеулі мәселе. Рейтингтегі жоғары орнын ескерсек те, жақын арада титулдық жекпе-жекке шығады деп ойламаймын. Оған кемінде бір-екі кездесу өткізіп, өзінің ең мықты қырын көрсетуі керек. Қазіргі таңда жартылай орта салмақта Ислам Махачев чемпион болып тұрған кезде, ол Рахмоновпен жекпе-жектен қашқақтауға тырысады. Меніңше, Махачев бұл салмақта ұзақ тұрақтамайды. Сондықтан Шавкат үшін ең тиімді сценарий - бір-екі жекпе-жек өткізіп, рейтингтің бірінші нөмірін сенімді түрде жеңу, содан кейін ғана чемпиондық белбеу үшін айқасу. Қазір мен оған титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігін көріп тұрған жоқпын. Ол тым ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбеді, - деді Осборн.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді (17-1) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді. Осыдан кейін қазақстандық файтер жарақаттарын емдеп, ұзақ уақыт бойы қалпына келу кезеңінен өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу