Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Шахтер" матчтарға бойкот жарияламақ

Спорт
"Шахтер" матчтарға бойкот жарияламақ

Қарағандылық "Шахтер" футбол клубының ойыншылары осымен төртінші ай жалақыларын ала алмай жүр. Олар өңірлік әкімдікке ашық хат жазып, ақшаларын алмаса, алдағы матчтарға бойкот жариялайтыны жайлы мәлімдеген.

хат "Гол емес" телеграм каналынан алынды

Қарағанды облысы әкімінің атына жазылған ашық хатта футболшылар мен жаттығушылар құрамының төрт айдан бері жалақы алмай жүргендері туралы жазылған. Сондай-ақ клубтың өткен жылдың қарыздары да бар екені айтылған.

Футболшылар әкім жалақы мәселесін шешіп, ақшаларын төлем бермесе, алдағы матчтарға қатысуға бас тартудан ниетті.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 2021 жылы клубты қаржыландыру 

бойынша барлық шарт толық орындалғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, 2022 жылға дейінгі уақыт бойынша клуб алдында төлем берешегі жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу