Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шахтинск қаласында әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

Оқиға
Шахтинск қаласында әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде ҚР Ұлттық ұланның әскери қызметшісінің мәйіті табылды.  Ол өзіне-өзі қол жұмсаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы оқиға 13 қазанда болған. Ол «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша жұмыс істеген. Сарбаз өз үйінде белдікке буынып қалған. Бұл оқиға қатысты ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

«13 қазанда Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта өзі тұрып жатқан пәтерден келісім шарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Болжамды ақпарат бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы „Орталық“ өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу