Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Say Mo дене бітімін өзгерту үшін операция жасатты

Шоу-бизнес
Say Mo дене бітімін өзгерту үшін операция жасатты

Қазақстандық әнші Say Mo дене бітімін өзгертуге арналған операция жасатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханада жатқан видеосын көрсетіп, отаның сәтті өткенін айтты. 

Ішім мен бүйірімнен бір литр май алынды. Өте білікті дәрігерлерді таңдадым. Медицина тілінде липосакция деп аталады. Соның көмегіне жүгіндім. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Ауруханаға анам да келді. Түрлі ұйықтататын дәрілерден әлсіреп қалдым. Бірақ екінші күні өзімді жайлы сезіндім. Екі апта бұрын анализдер тапсырып дайындалдым. Спортпен айналыссам да, ішімнің майын кетіре алмадым. Ақыл айтқыштар түрлі кеңес берді. Мен бәрін жасап көрдім. Бірақ еш нәтиже болмады. Енді менің киімдерім де өзгеретін болды. Бұл операцияның нәтижесі бір айдан кейін белгілі болады. Маған қолдап пікір жазып жатқандарға алғыс айтамын, – деп жазды әнші. 

Фото: © instagram/say_mo__

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу