Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шерзаттың әжесін сот кезінде жедел жәрдем алып кетті

Оқиға
Шерзаттың әжесін сот кезінде жедел жәрдем алып кетті

Марқұм Шерзат Болаттың әжесін сот кезінде жедел жәрдем алып кетті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнында жүрген Ұлысмедиа тілшісінің айтуынша, Шерзаттың әжесінің денсаулығы күрт нашарлап, оны сот залынан сыртқа алып кеткен. Артынша әжесін жедел жәрдем алып кетті. 

Еске салайық, бұған дейін Шерзаттың әжесі сотты Алматыда өткізуді өтінген болатын. Сотталушылардың әке-шешелері қазір сот залында тұр.

«Біз де сотталушылардың қорғаушыларымыз. Қаулымыз бар. Біз де қатысуды сұраймыз», - дейді олар.

Судья оларға: «адвокаттармен бірдей құқықтарыңыз бар. Соттан сөз сұрауға болады» деді судья.

Судья Баймаханов сот залында сотталушыларды қорғауға құқығымыз бұзылып отыр деп мәлімдеді.

Фото: Ulysmedia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу