«Әке махаббатын сезіндірді». RaiM Ерке Есмаханның үлкен ұлына көлік сыйлады
Райм Муслимнің женсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән беретінін атап өтті
Танымал өнер жұлдызы Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Раймның үлкен ұлы Муслимге соңғы үлгідегі көлік сыйлағанын айтып, сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
"Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген “әке махаббатын” сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, “Папа мама” деп толыққанды отбасында өсуде", - деп жазды Ерке Есмахан.
Өнер иесі жолдасының керемет жар ғана емес, қамқор әке екенін атап өтті.
"Міне, бүгін Папасы Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол. Өзіме жақсы жар ғана емес, балаларыма керемет әке нәсіп еткеніне Аллаға әрқашан шүкіршілігімді аямай айтып отырамын", - деп жазды әнші.