«Алла басқа жерден береді». Әнші Бағлан Әбдірайымов өзінің жаман әдеті туралы айтып берді

Әнші тыңдармандарына жан сырын ақтарды

Сабина Асқарқызы

  • 16.07.2024

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов Instagram парақшасында оқырмандарымен сырласып, жаман әдеті туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі көмек сұраған адамға көлігін беріп, өзі жаяу жүрген сәтін еске алды.

Менің бір жаман әдетім бар. Қолымдағы бар нәрсені жұрттарға таратып жібере саламын. Әлде ол жақсы әдет пе? Мысалы, бір сұхбатта отырып, жүргізуші "бір кісіге көмектесе аласың ба?" деп сұрағанда, "иә, көмектесейін" дедім. Өзім мініп жүрген астымдағы көлігімді ешнәрсе сұрамай, ешкімнен ешнәрсе күтпей, бере салдым. Өзім солай көліксіз қалып, біраз жаяу жүріп қалғанмын. Бір қызығы, іште сосын ешқандай өкініш болмайды, - дейді әнші.

Ол өзінің Нұрсұлтан есімді қолдаушысына қымбат сағатын тарту еткен.

Нұрсұлтан деген жігіт қандай шара жасасам да көрермен болып қолдап, қалмай келіп жүреді. Оған қолымдағы сағатымды естелікке беріп жібердім. Осылай жүрген жерімде қолымдағы барымды таратып жүремін. 
Көп адам мұны түсіне алмай жатады. Менің өз ойым: Кең болсаң, кем болмайсың. Ризықты беретін Алла басқа жерден береді. Ең бастысы, пейілді тарылтпасын, - деп жазды ол.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен